«Облыстық бюджеттен бөлінген 107 млн. теңгеге ауданы 1800 шаршы метрді құрайтын музей құрылысы былтыр шілде айында басталып, осы жылғы шілдеге дейін «Жер-Су-Жол-Сервис» ЖШС-мен жүргізіліп, уәделі мерзімде тапсырылды.
Жаңа ғимараттың ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Ж.Бөкенбаев, облыстық мәслихаттың хатшысы Қ.Айтөреев, аудан әкімі А.Абдуллаев, облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Г.Аренова құттықтау сөз сөйлеп, жаңа музей халықтың игілігіне қызмет көрсете берсін деген тілектерін айтты.
Құрылыс жұмысын өз дәрежесінде жүргізген «Жер-Су-Жол-Сервис» серіктестігінің бас инженері Қанат Ержігіт жаңа нысанның кілтін аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Нұрлан Сымайыловқа салтанатты түрде табыс етті. Ғимараттың ашылу салтанатына куә болған еңбек ардагерлері мен қала тұрғындары ел игілігіне беріліп отырған музей үйінің іші-сыртын аралап көрді», - делінген хабарламада.