Мерейтойға орай еңбегімен ел есінде қалған даңқты диханның туған ауылында жеке музейі ашылады деп жоспарлануда.
Бүгінде Шиелі ауданының орталығында Ыбырай Жақаев атындағы күріш өсіру тарихи музейі жұмыс істеуде. Музей қорында күріш дақылынан рекордтық өнім алған дала академигі туралы сыр шертетін мыңнан аса құнды жәдігер сақтаулы.
Енді, экспонаттардың көбі дән атасы Ыбырайдың туған ауылынан ашылатын жаңа музейге берілмек.