«Қазақ әдебиетінің классигі, ХХ ғасырдағы аса көрнекті жазушы, қоғам қайраткері, драматург, ақын, академик Сәбит Мұқановтың өмірінің соңғы 8 жылын өткізген үйі әдеби-мемориалды музей кешеніне айналғанына 37 жылдың жүзі болды. Сәбеңнің көзі тірісіндегі қалпын сақтаған, өзі тұтынған заттардың өзіндік тарихымен, шертер сырымен танысқыңыз келсе, қарашаның 21 күні музейдің ашылу күніне орай ұйымдастырылған «Ашық есік күніне» келіңіздер! 8 мыңға жуық жәдігерліктері бар музейден алар рухани азығыңыз да мол болмақ!», - делінген хабарламада.
Айта өтейік, музейдің мекен-жайы М.Төлебаев көшесі 125 үйдегі пәтерде орналасқан (Қарасай батыр көшесінің қиылысы).
Байланыс телефондары: 2725912, 2728286