Анонс


Білім мәдениетін қолдауға бағытталған халықаралық конференция өтеді

Бейсенбі, 14 Қыркүйек 2023 18:05
Білім мәдениетін қолдауға бағытталған халықаралық конференция өтеді KAZMUSEUM.KZ -  

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Мәдениеттерді жақындастыру орталығы» мемлекеттік музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Материалдық емес мәдени мұраны қорғау туралы» Конвенцияның 20 жылдығына орай (2003-2023 жж.) ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссия жанындағы Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі Ұлттық комитет және  ҚР ҒжЖБМ Философия, саясаттану және дінтану институтымен бірлесе «ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС МӘДЕНИ МҰРАСЫ ФЕНОМЕНІН ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ҰҒЫНУ» атты білім мәдениетін қолдауға бағытталған IV халықаралық конференциясын  өткізеді.

Конференцияның мақсаты - материалдық емес мәдени мұра феноменін философиялық тұрғыдан ұғыну. Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасын қорғауды қамтамасыз етуге жалпыға бірдей ұмтылысты және осымен байланысты байқалатын ортақ алаңдаушылықты түсіну. Қоғамдастықтар, атап айтқанда, жергілікті қоғамдастықтар, топтар және кейбір жағдайларда жекелеген адамдар мәдени әртүрлілікті байыта отырып және адам шығармашылығына жәрдем көрсете отырып, материалдық емес мәдени мұраны жасауда, қорғауда, сақтауда және қайта жасауда маңызды рөл атқаратынын,    Орталық Азия мен оған іргелес аймақтардың мәдениеттерін жақындастыруға әсер еткен гуманистік ілімдерді жан-жақты түсіну бойынша талдау және зерттеу бастамаларын ұсыну.

Конференция Орталық Азия қоғамдары мен мәдениеттері арасындағы өзара саналы тәуелділікті қалыптастыруға және олардың дамуына ықпал еткен идеялар мен білім жүйелерінің тарихын терең зерделеуге, сондай-ақ, аймақтың материалдық емес мәдени мұрасын қазіргі кезеңде жетілдіру және зерттеу жолдарына  бағытталған.

Конференцияда 3 сессия жұмысы жоспарлануда:

1. Білімнің мәдени мұрасы: әлеуметтік білімдерден - әлеуметтік өзгерістерге дейін

2. Орталық Азиядағы қазақтардың мәдени мұрасы феномені: жергілікті және жан-жақты

3. Дала өркениетінің рухани қазынасы: қазіргі жағдайы мен болашағы.

Конференцияға алыс және жақын шет елдерден ғалымдар, мәдениеттанушылар, зерттеушілер, зиялы қауым өкілдері сонымен қатар ЮНЕСКО қамқорлығындағы 2-санаттағы ұйымдардан өкілдер қатысады.

Өтетін орны: Алматы қ., Республикалық  Достық үйі, мекен-жайы: Құрманғазы көшесі, 40-үй.

Өтетін күні: 20 қыркүйек 2023 ж.

Өтетін уақыты: сағат 10.00-18.40

Жұмыс тілдері: қазақ, ағылшын, орыс.

Конференцияға онлайн қатысушылар үшін  Zoom платформасының сілтемесі:

https://us06web.zoom.us/j/88014756456?pwd=OUxoZTllTy90dTBTSjd1UW91NWJudz09 

Идентификаторы: 880 1475 6456

Кіру коды: Knowledge

Байланыс үшін:  эл.пошта: info.crc-kz@mail.ru, телефон: +7 727 261 20 09

924 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper