Көрмеге үйірме балаларының «Акварель» және «Гуашь» техникаларымен орындалған ең үздік 50-ден астам жұмыстары қойылған.
Өз жұмыстары арқылы Отанға деген сүйіспеншілік пен өз сезімдерін, жылулық махаббаттарын айқын көрсетеді.
Айта өтейік, көрмені ұйымдастырған «Шебер» студиясының «Кескіндеме және графика» үйірмесі 2015 жылдың маусым айында ашылған. Үйірменің жетекшісі - ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Мұхтар Қайратұлы Байбосынов.