Анонс


Музейдегі көрмеге «Хан тағы» қойылады

Бейсенбі, 17 Тамыз 2017 14:28
Музейдегі көрмеге «Хан тағы» қойылады KAZMUSEUM.KZ -  

Теміртау қаласындағы Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы 2017 жылғы 24 тамыз күні сағат 11.00-де «Ұлытау» ұлттық тарихи - мәдени және табиғи қорық-музейімен бірге «Ұлытау әлемі» атты көрмесін ұйымдастырады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.  

Көрмеде Ұлытаудың киелі жерлері мен тарихи-мәдени орындары көркемдік инсталляция түріндегі арт-нысанда берілді.

Көрмедегі құнды жәдігердің бірі - 1993 жылы Н.Ә.Назарбаевтың Ұлытау өңіріне  алғашқы сапарына арнайы  дайындалған «Хан тағы».

Ашылу салтанатына ҚР Ұлттық музейі «Сакралды Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Берік Әбдіғалиұлы, «Ұлытау» ұлттық тарихи- мәдени және табиғи қорық - музейінің басшысы Бахтияр Қожахметов,  ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Музей ісі жөніндегі көркемдік кеңесінің мүшесі, «Kazmuseum.kz» қорының жетекшісі, музейтанушы Нұрсерік Жолбарыс және облыстық мәдениет, білім беру мекемелерінің  басшылары мен қызметкерлері қатысады.

13273 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper