Анонс


Музей ғалымдары Абай музейіне қызығушылық танытуда

Дүйсенбі, 04 Тамыз 2014 21:21
Музей ғалымдары Абай музейіне қызығушылық танытуда KAZMUSEUM.KZ -  

АСТАНА. 4 тамыз. BAQ.KZ – Ресей Федерациясының Иркутск қаласында өткен ИКОМ-ЮНЕСКО Халықаралық Музейлер Одағының әдеби және музыка музейлері комитетінің (ICLM) кезекті конференциясына Семейдегі Абайдың әдеби-мемориалдық музейінің қызметкерлері де қатысып Абай мұраларын дәріптеді.

Конференцияда «Жазушы, композитор, музей және қоршаған орта мәселелері» тақырыбы бойынша Норвегия, Швеция, Италия, Әзірбайжан, Армения, Хорватия, Латвия, Ресей мемлекеттерінен келген музей мамандарының баяндамалары талқыланды. Абай музейі директорының орынбасары М.Қайрамбаева да конференцияға қатысып, қазақтың ұлы ақыны және оның музейі туралы мәліметтерді қатысушылардың назарына ұсынды. Конференцияға қатысушылар тарапынан Абай Құнанбайұлы туралы ақпарат үлкен қызығушылық тудырып, музейаралық байланыстарға ұсыныстар жасады.

Айта өтейік, Абайдың әдеби-мемориалдық музейі М.Әуезовтің ұсынысы бойынша ақынның туғанына 95 жыл толу қарсаңында Қазақ ССР-нiң Халық Комиссарлар кеңесiнiң 1940 жылдың 1 сәуiрiндегi №347 қаулысы негiзiнде құрылған болатын. Қазақстан тарихындағы тұңғыш әдеби музей болып табылады. 1990 жылы Абайдың 150 жылдық мерейтойына орай Қаз.ССР Министрлер кеңесінің 05.04.1990ж. №141 қаулысы бойынша ақын музейі Абайдың “Жидебай-Бөрiлi” мемлекеттiк тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі болып құрылды. Қорық-музейдіңң негiзгi қорын 1885 жылы Абайдың өлкетану музейіне тапсырған заттары құрайды. Аталмыш заттардың 30-ға жуығы музей қорында сақтаулы.

5425 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper