Анонс


Музейді балаларға таныстыратын кітап жарыққа шықты

Сенбі, 02 Желтоқсан 2023 02:21
Музейді балаларға таныстыратын кітап жарыққа шықты KAZMUSEUM.KZ -  

«Steppe&World» баспасынан «Өнерге тоймас. Музей аралағыш күйекөбелек» атты жаңа кітап басылып шықты, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Кітап авторы – германиялық Кристен Циглер.  Балаларға арналған бұл еңбек мәтін және түсініп оқуды жеңілдететін иллюстрациялармен жасалған. Кітапта музей дегеніміз не деген сұрақтан бастап, осы салада қолданылатын барлық ұғымдар мен терминдерге жеңіл, қарапайым тілде анықтама берілген. Сонымен бірге, әлемнің ең атақты музейлеріне, өнер тарихы мен түрлі өнер жанрларына шолу жасалған. Сондай-ақ экспонаттар, картиналар пен басқа да өнер туындылары қалай жасалатыны, музейдің ішкі құрылымы, музей қызметкерлері жайлы ақпарат керемет иллюстрациялармен берілген.

Кітап оқуға жеңіл болуы үшін Йолинде атты музейге шексіз құмар күйекөбелектің басынан өткен оқиға түрінде сториттелиң тәсілімен жазылған. Балалардың музей ісі жайлы білімін кеңейтіп, музейге, өнерге деген құштарлығын арттыруға таптырмас құнды еңбек.

Кітапқа қатысты қосымша сұрақтарыңыз болса, мына номерге 8 707 564 14 54 немесе email-ге хабарлассаңыз болады: galymzhan.orazymbet@gmail.com

957 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper