Анонс


ICOM-ға жаңа президент сайланды

Дүйсенбі, 22 Маусым 2020 17:55
ICOM-ға жаңа президент сайланды KAZMUSEUM.KZ -  

Парижде ICOM президенті Суай Аксой ханымның президенттік мерзімінің аяқталуына байланысты жаңа президентті сайлауға арналған жиын өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Атқарушы кеңестің жасырын дауыс беруі нәтижесінде ICOM-ның президенті болып Альберто Гарландини мырза сайланды. Ол осы уақытқа дейін ICOM-ның вице-президенті қызметінде болған еді.

Суай Аксой президенттік мандатын тапсыру сәтінде ICOM мүшелеріне алғыс білдіріп, жаңа президентке сәттілік тіледі.

ICOM Kazakhstan ұжымы Суай Аксой ханымға музей ісінде демократияны, саналуандылықты дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын білдіріп, жаңа президент Альберто Гарландини мырзаға табыс тілейді.

98 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper