Анонс


Ұлттық музей басшылығы халықаралық музей форумына қатысты

Сәрсенбі, 13 Қазан 2021 15:24
Ұлттық музей басшылығы халықаралық музей форумына қатысты KAZMUSEUM.KZ -  

Ресейдің Тула қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) Мәдениет жылы аясында алғашқы «Музей форумы» өтті,  деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Форумға ШЫҰ-ға мүше елдер және бақылаушы елдердің мәдениет министрліктері мен басқа да бейінді құрылымдарының өкілдері, тарихи, әскери-тарихи, этнографиялық, археологиялық және т.б. музейлердің басшылары қатысты.

Аталған форумға ҚР «Ұлттық музейі» директорының орынбасары Назгүл Кадримбетова қатысып, сөз сөйледі. Назгүл Кадримбетова Ұлттық музейдің атқарған қызметін айта келе, еліміздің тарихи-мәдени символына айналған «Алтын адам» жәдігеріне тоқталды.

«Қысқа мерзім ішінде біз Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын көпшілікке таныту бойынша ғана емес, сонымен қатар Ұлттық музейіміздің брендіне айналған – «Алтын адамды» танымал ету мақсатында коммуникацияның түр-түрін игеріп, жұмыста қолдана білдік. «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасы арқылы «Алтын адам» жәдігерін әлемнің танымал музейлерінде көрсетіп, ұлттық құндылықтарымызды, терең тарихымызды және қайталанбас өнерімізді дүниежүзі халқына таныстырдық.

Біздің жағдайда, халықаралық көрме жобалары түріндегі коммуникациялар музей идеялары мен құндылықтарын ілгерілету тетіктері ретінде қызығушылық тудыра отырып, жаңа аудиторияны тартудың катализаторына айналды. Біз ҚР Ұлттық музейі брендінің халықаралық мәдени аренадағы орнын нығайта алдық», - деді Н. Кадримбетова.

Бұдан бөлек, форумда кең ауқымды мәселелер талқыланды. Оның ішінде музейлер арасында көлденең байланыстар орнату, бірлескен жобаларды іске асыру және музей брендтерін қалыптастыруда тәжірибе алмасу болды.

Айта кетейік, ШЫҰ Мәдениет жылы аясында ұйымдастырылған «Тұңғыш музей форумы» Ресей Федерациясы Мәдениет министрлігінің бастамасымен болып өтті.

4870 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper