Анонс


Мемлекеттік Орталық музей директорының орынбасары тағайындалды

Бейсенбі, 28 Наурыз 2024 20:48
Мемлекеттік Орталық музей директорының орынбасары тағайындалды KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі директорының музейлік менеджмент және маркетинг жөніндегі орынбасары қызметіне Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының бұйрығымен Анна Викторовна Кущенко тағайындалды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Анна Кущенко 1977 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Білімі – жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін («Қазақстан тарихы» мамандығы бойынша бакалавр, «Әлем тарихы» мамандығы бойынша магистратура) тәмамдаған.

Еңбек өтілі:

2002 – 2003 жж. – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінің жоғары санатты экскурсия жетекшісі;

2003-2004 жж. - «Глобус Транзит» ЖШС атқарушы директоры;

2005-2023 жж. - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінің мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және сыртқы байланыстар бөлімінің жетекшісі;

2023 жылдың қыркүйегі – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қалалық филиалы Музей басқармасының басшысы;

17.10.2023 – 2024 ж. қаңтар – Ә.Қастеев атындағы өнер музейінің педагогика және дизайн бөлімінің сектор меңгерушісі, маркетинг, дизайн және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.

621 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper