Анонс


Бурсада Түркі елдері музейлерінің форумы басталды

Жұма, 27 Мамыр 2022 13:22
Бурсада Түркі елдері музейлерінің форумы басталды KAZMUSEUM.KZ -  

Түркияның Бурса қаласында ТҮРІКСОЙдың ұйымдастыруымен Түркі дүниесі музейлерінің халықаралық форумы салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Ашылу салтанатында ТҮРІКСОЙ басшылығы, Түркия Мәдениет және туризм министрлігі өкілдері және Бурса қаласының басшылығы форумға қатысушыларға сәттілік тіледі.
Форумға Әзірбайжан, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы, Түркия, Түркіменстан, Тыва (РФ), Татарстан (РФ) және Грузия, Македония, Молдова, Ауғанстан, Сербия, Словения, Дағыстан (РФ), Ирак, Мажарстан елдеріндегі түркі тарихы мен мәдениетін зерттеуші ғалымдар, музейтанушылар келді.
Қазақстаннан шақырылған қонақтардың қатарында ҚР Орталық музейінің директоры Рашида Харипова, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Тәттігүл Қартаева, музейтанушы Нұрсерік Жолбарыс, ҚР Мәдениеттерді жақындастыру орталығының ғалым хатшысы Салтанат Әшімова бар.
Форум үш күнге жалғасады. Қазақстандық төрт қатысушы да баяндама жасайды.
Соңында қарар қабылданып, алдағы үш жылға арналған жұмыс жоспары ұсынылады.

2042 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper