Анонс


"Музейдегі махаббат хикаясы" көпшіліктің көңілінен шықты (ВИДЕО)

Сәрсенбі, 27 Қыркүйек 2017 12:52
"Музейдегі махаббат хикаясы" көпшіліктің көңілінен шықты (ВИДЕО) KAZMUSEUM.KZ -  

Қазіргі кезде қазақтың той жасау дәстүрі заманға сай түрлі өзгерістерге ұшырап жатыр. Бұл маңызды шараға үлкендердің де, жастардың да өз дайындықтары бар.

Ата-ана құдалық, киіт мәселесімен бас қатырып жүргенде, жас жұбайлар той киімі, қыдыруға арналған көлік іздеу, маңызды күнді таспаға түсіретін оператор жалдау секілді дүниелерді ұйымдастырумен айналысады. Жастар жағына жүктелетін тағы бір жұмысқа той үстінде көрсететін арнайы видеоны даярлау жатады. "Махаббат хикаясы" деп аталатын бұл видеолар қазіргі кезде сәнге айналған. Аты айтып тұрғандай бұл бейнебаяндарда қос ғашықтың қалай танысқаны, қыз бен жігіт болып сөйлесіп жүргенде бастан кешкен қызықтары баяндалады. Басты рөлді екі жастың өздері ойнайды және видеоның жанры, яғни суреттер жиыны, слайд шоу, қысқа бейнебаян, фильм түрінде болуы да солардың талғамына сай таңдалады. Туынды қай жанрда жасалса да шектен шықпай, яғни ол видеоны той үстінде үлкен кісілер мен бүлдіршіндер тамашалайтынын ұмытпаған жөн. Массагет  ұжымы осы орайда өз нұсқасындағы "Махаббат хикаясын" дайындап, назарларыңызға ұсынып отыр. 


Бұл видеоны түсіргендегі мақсатымыз – жастарды "Махаббат хикаясына" жауапкершілікпен қарауға үндеу.   Видеоның жарыққа шығуына көмектескен Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры мен Ә.Қастеев атындағы өнер музейінің  басшылығына алғысымызды білдіреміз.


Дереккөзі: massaget.kz

6982 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper