Анонс


Халықаралық музейлер кеңесіне жаңа президент сайланды

Дүйсенбі, 11 Шілде 2016 10:38
Халықаралық музейлер кеңесіне жаңа президент сайланды KAZMUSEUM.KZ -  

Миланда өткен ICOM (Халықаралық музейлер кеңесі) конференциясында ICOM-ға жаңа президент сайланды, деп хабарлайды kazmuseum.kz кеңестің бюросына сілтеме жасап.

«ICOM-ның 2016-2019 жылдар аралығындағы президенті лауазымына түркиялық үміткер Суай Аксой сайланды. Ұйымның вице-президенттігіне қытайлық  Лайшунь Эн мен италиялық Альберто Гарландини бекітілді. Атқарушы бюроға Доминикан, Корея, Аустралия, Бразилия, Финлияндия, Германия, Мексика, Италия, Замбия, АҚШ және Ұлыбритания өкілдері мүше ретінде қабылданды.

ICOM-ның жаңа президенті Суай Аксой осы уақытқа дейін Түркияның музей ісі саласына зор үлес қосқан. Түркиядағы музей комитетін басқарған. Ал, ICOM-ды 2013-2016 жылдары басқарған бұрынғы президент Ганс Мартин Хинц (Германия) бұл лауазымнан босатылды», делінген хабарламада.

Айта өтейік, әлемдегі музейлердің қызметі Халықаралық ИКОМ-ға бағынышты. ИКОМ (International Council of Museums, ағылшын. ICOM) 1946 жылы Парижде құрылды.

 

6553 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper