Анонс


Н.Назарбаевтың теңгені халыққа қалай таныстырғаны туралы видео жарияланды

Дүйсенбі, 14 Қараша 2016 14:36
Н.Назарбаевтың теңгені халыққа қалай таныстырғаны туралы видео жарияланды KAZMUSEUM.KZ -  

Биыл Қазақстан теңгесінің айналымға енгеніне 23 жыл толды. Теңгені алғаш рет Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 1993 жылғы 12 қараша күні Қазақстан халқына телеарналар арқылы таныстырған болатын. Аталған тарихи оқиғаның видеосын Ақорданың баспасөз қызметі көпшілік назарына ұсынды.

Теңге тарихына қатысты материалдарды сіздер ҚР Тұңғыш Президенті Музейі мен ҚР Ұлттық музейіндегі экспозициялардан тамашалай аласыздар.

5349 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper