Анонс


Қазақстан мен Түркия музей ісі бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асырады Таңдаулы

Бейсенбі, 13 Қазан 2022 15:52
Қазақстан мен Түркия музей ісі бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асырады KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрлігі арасында музей ісі, ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Бұл құжат түркі дәуірінің ескерткіштерінде бірлескен ғылыми-зерттеу экспедицияларын ұйымдастыруға, музей ісі саласындағы бірлескен жобаларды іске асыруға, тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау мен қалпына келтіруге, мәдени мұраны қорғау, сақтау және танымал ету саласында қайта даярлау курстарын өткізуге, ұйымдастыруға жәрдемдесуге және т.б. бағытталған.

Айта өтейік, қол қою рәсімі Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанның Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында өтті.

2120 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper