Анонс


Музей мамандарының журналына жазылу басталды Таңдаулы

Дүйсенбі, 23 Қазан 2023 02:59
Музей мамандарының журналына жазылу басталды KAZMUSEUM.KZ -  

ҚР Мемлекеттік орталық музейінің  «MUSEUM.KZ» ғылыми-практикалық журналына 2024 жылға жазылу басталды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ҚР Мемлекеттік орталық музейі  2023 жылдан бастап ғылыми-практикалық «MUSEUM.KZ» журналын шығарып келеді.

Журналда отандық және шетел ғалымдарының жұмыстарын көрсететін көлемді мақалалар  жарияланады. Мақалалар музей ісі, мәдениеттану, тарих, археология, этнография, нумизматика және өзге де әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласындағы өзекті мәселелерді қамтиды.

Журнал жылына 4 рет шығады.

Журнал болашақта Scopus және WoS базаларында рецензияланатын халықаралық ғылыми журналдар қатарына енуді жоспарлап отыр.

«MUSEUM.KZ» журналында жарияланған ғылыми жұмыстардың ғаламтор желісіндегі электронды құжатқа тағайындалатын DOI нөмірі бар. Осының арқасында оқырмандар үшін журналда жарияланған ғылыми-зерттеу жұмыстарды іздеу және пайдалану айтарлықтай жеңілдеді.

 «MUSEUM.KZ» ғылыми-практикалық журналында Қазақстан музей мамандарының ғылыми мақалалары тегін жарияланады.

Журналға «Қазпошта» АҚ бөлімшелері арқылы жазылуға болады. Жазылу бағасы 1 жылға 20 509 теңге (жеке тұлғалар үшін), 20 527 теңге (заңды тұлғалар үшін).  Журналдың индексі: 76 231

Журналға жазылу науқаны 2023 жылғы желтоқсан айының соңында аяқталады.

Сұрақтарыңыз болса мына поштаға хат жазуға болады: museumcoordination@gmail.com немесе 8 702 505 25 62 номеріне уатсап арқылы хабарласуға болады.

1522 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper