Анонс


Ұлттық музейде Шоқанның өмірі мен мұраларына арналған семинар өтеді

Сәрсенбі, 28 Қазан 2015 15:24
Ұлттық музейде Шоқанның өмірі мен мұраларына арналған семинар өтеді KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде 29 қазан күні сағат 14.00-де қазақтың ғұлама ғалымы әрі ағартушысы  Шоқан Уәлихановтың 180 жылдық мерейтойына арналған «Сөнбес жұлдыз» атты тақырыптық семинар өтеді. 

Музей дәрісі -  Шоқан Уәлихановтың ғылыми және көркем мұрасын насихаттауды, тарихи сана қалыптастыруды және музейге келушілердің патриоттық мәдениетін арттыруды  көздейді. 

Аталмыш шара музейдің «Тарихи тұлғалар» атты  оқу-ағарту бағдарламасы аясында  ұйымдастырылады.

Семинарды музейдің тарих бөлімінің ғылыми қызметкері Г. Ақпанбекова, қазақстандық белгілі суретші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, музейдегі бейнелеу өнері студиясының  жетекшісі М. Байбосын жүргізеді.  

Дәріс бағдарламасында Шоқан Уәлихановтың бірегей қырларын  ашатын музей  экспонаттары, кітаптар және бейнематериалдар қолданылады. 

 

Фото: Tengrinews.kz

2908 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper