Анонс


Түркі академиясы конференцияда тарихи құжаттар жинағын көпшілік назарына ұсынады

Сәрсенбі, 22 Маусым 2016 01:46
Түркі академиясы конференцияда тарихи құжаттар жинағын көпшілік назарына ұсынады KAZMUSEUM.KZ -  

Түркі академиясы халықаралық ұйымы (TWESCO) Астана қаласында 23 маусым күні сағат 10.00-де 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің 100 жылдығына арналған «ТАРИХТАН – ТАҒЫЛЫМ» атты халықаралық ғылыми конференция өткізеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Іс-шара Қырғыз Республикасының Президенті жанындағы «Мурас» қоры, Қазақстан және Қырғыз Республикасы Тарихшылар қауымдастығы, сонымен қатар Ұлттық ғылым академияларының және Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының қолдауымен ұйымдастырылып отыр.

Орталық Азиядағы өзгерістердің басында тұрған айтулы оқиғаға орайластырылған конференцияға Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Өзбекстан, Ресей және Тәжікстаннан ғылыми мекемелердің басшылары, танымал тарихшылар, мемлекет және қоғам қайраткерлері мен белгілі ғалым-зерттеушілер қатысады деп күтілуде.

Алқалы жиын барысында арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылып, Ұлт-азаттық қозғалысқа қатысты «Жетісу – Ыстық көл қасіреті: 1916-1920 жж.» атты тарихи құжаттар мен материалдар жинағы таныстырылады. 

2353 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper