Анонс


ШҚО-да "Бізге естелік пен даңқ мұраға қалды" атты көрме ашылды

Дүйсенбі, 09 Мамыр 2016 03:04
ШҚО-да "Бізге естелік пен даңқ мұраға қалды" атты көрме ашылды KAZMUSEUM.KZ -  

Ұлы Жеңістің 71-жылдығы қарсаңында Шығыс Қазақстан облыстық қорық-музейінде «Бізге естелік пен даңқ мұраға қалды» көрмесі салтанатты түрде  ашылды, деп хабарлады ҚазАқпарат. 

Экспозицияға соғыс жылдарындағы құжат түпнұсқалары (майданнан хат, қызыл әскер кітапшалары, майдан суреттері, сарбаздар мен матростардың жарақаттанғаны, кім-кешегі, жарақтары, қарулары, орден-медальдары  және т.б. туралы анықтамалар) ұсынылды. Сарғайған суреттер өз Отанын жаудан қорғаған батырлар жайлы сыр шертеді.

Аты аңызға айналған қолбасшы  Г. Жуковтың жеке жүргізушісі 1911 жылы туылған  Федор Спириннің  (ұрпақтары Өскеменде, Қасым Қайсенов кентінде тұрады) құжатқа арналған суреті.     Ф. Спирин Алтай өлкесінің Гилево ауылында дүниеге келген.   

Басқа да  19451-1945 жылдары ҰОС  қатысушылар туралы бірқатар қызықты деректер көрсетілді. Мысалы, Виктор Сенкевичтің «полк ұлы» құжаты мен суреттері. Жас жігіт 17 жасында ерлік көрсетіп жауынгерлік орденмен марапатталды.

Көрмеде жаңа музейлік фотогалереяның таныстырылымы өтті. Онда Өскеменде тұратын ҰОС аман оралған қатысушылардың портреттері ұсынылды.

Музей директорының орынбасары Тамара Быкова өз суреттерін жүзден аса майдангер табыс еткенін айтты. 

2411 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper