Анонс


Маңғыстауда Ә.Кекілбаевтың мұрасын сақтау жөніндегі арнайы комиссия құрылатын болады

Сейсенбі, 29 Наурыз 2016 17:36
Маңғыстауда Ә.Кекілбаевтың мұрасын сақтау жөніндегі арнайы комиссия құрылатын болады KAZMUSEUM.KZ -  

Маңғыстау облысында халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың мұрасын сақтау жөніндегі арнайы комиссия құрылатын болады. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Маңғыстау облысы әкімі Алик Айдарбаевтың тапсырмасы бойынша  Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті қоғам және саяси қайраткері Әбіш Кекілбаевтың мәдени мұраларын сақтау және  шығармаларын көпшілікке таныту жөніндегі арнайы комиссия құрылатын болады. Облыстық мәдениет басқармасы осы комиссияның мүшелерін анықтап, іс-қимыл жоспарын жасақтайды.

«Әбіш аға тек қана біздің аймаққа емес, сондай-ақ барлық елге танымал  тұлға. Бүгінгі біздің мақсатымыз - болашақ ұрпаққа ұлағатты мұрасын сақтап, таныту. Сол себепті, комиссия құру және шараларды жоспарлау кезде міндетті түрде Маңғыстау облысы тұрғындарының ой-пікірлері ескеріледі», - деді Алик Айдарбаев.

Ұзақ мерзімді жоспарды жүзеге асыру үшін жергілікті бюджеттен қаражат бөлінеді.

 

2399 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper