Анонс


Ә.Молдағұлованың мемориалдық музейі батырдың 90 жылдығын атап өтуде

Сәрсенбі, 17 Маусым 2015 20:03
Ә.Молдағұлованың мемориалдық музейі батырдың 90 жылдығын атап өтуде KAZMUSEUM.KZ -  

Ақтөбеде  Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 90 жылдығына арналған түрлі шаралар циклі өтуде. Бұл туралы музей әкімшілігінен хабарлады.

Мерекелеудің бірінші күнінде Әлияның шағын отаны - Қобда ауданындағы Бұлақ ауылында митинг пен оған арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою шарасы болып өтті. Әлия Молдағұлованың мемориалдық музейінде «Мәңгілік ғұмыр» атты салтанатты шара өткізілді.

Қазақ халқының сүйікті қызының 90 жылдығының құрметіне Ақтөбеде «Әлия гүлі» достарын шақырады» атты балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының VI халықаралық фестивалі мен «Жерім менің» атты республикалық патриоттық әндер байқауы ашылды.

Шараларды өткізудің соңғы күнінде Қобда ауданында театрландырылған көрініс пен «Әлия - қаһармандық дастаны» атауымен қазақстандық эстрада жұлдыздарының концерті болып өтеді. Аудан орталығының стадионында «Әлия гүлі» достарын шақырады» атты балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының VI халықаралық фестиваліне қатысушылардың гала-концерті, ал Қобда ауылының шетіндегі этноауылда - «Жерім менің» республикалық патриоттық әндер байқауы лауреаттарының гала-концерті, ат спорты жарыстары және ұлттық ойындар өткізілмек.

 
2609 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper