Анонс


«Таласбек Әсемқұловтың домбырасы музей сахнасында» атты музыкалық-танымдық кеш өтеді

Сейсенбі, 29 Наурыз 2016 14:05
«Таласбек Әсемқұловтың домбырасы музей сахнасында» атты музыкалық-танымдық кеш өтеді KAZMUSEUM.KZ -  

2016 жылдың сәуір айының 1 жұлдызы күні сағат 16:00 де Алматы қаласы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптары музейінде «Дәулескер күйші, жазушы, өнертанушы Таласбек Әсемқұловтың домбырасы музей сахнасында» атты музыкалық-танымдық кеш өтеді, деп хабарлайды shynyrau.kz сайты. 

Кеште ҚР Халық әртісі Досқан Жолжақсынов, сыншы Әлия Бөпежанова,  белгілі күйші-композитор Секен Тұрысбеков, ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері: Жарқын Шәкәрімов, Жанғали Жүзбай, Ардақ Исатаева. ҚР Мәдениет қайраткері Мұрат Әбуғазы, әнші Ерлан Төлеутай, Бағлан Бәбіжан және Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаттары: Ардаби Мәулетұлы, Сырым Нұрмолдин, Рустем Нүркенов, Айсарбек Ақияшев, Мұқтар Әділ және Республикалық жыр мүшәйраларының жеңімпазы, ақын Ербол Алшынбай т.б. өнер көрсетеді. Сондай-ақ Таласбек Әсемқұловтың өмірі мен шығармашылығы, қазақ өнері мен мәдениетіне қосқан зор үлесі жайлы естеліктер айтылады.

Кешке Алматы қаласы музейлер бірлестігінің мамандары, зиялы қауым өкілдері, өнертанушылар мен кино мамандары, студент жастар, туған-туыстары және ақпарат құралдары қатысады.

Өтетін орны: Алматы қаласы, Зенков көшесі 24 А. Музей ғимараты.

Байланыс телефоны:
 291 69 17
291 63 16

2603 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper