Анонс


Музей ісіне арналған халықаралық конференция өтеді

Жұма, 15 Тамыз 2014 20:24
Музей ісіне арналған халықаралық конференция өтеді KAZMUSEUM.KZ -  

АСТАНА. 15 тамыз. BAQ.KZ – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде «Қазіргі қоғамдағы Музей. Жаңа даму жолдарын іздестіру» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі музейдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Конференция барысында "Музейлер, кітапханалар, мұрағаттар - мәдени мұраны сақтау институттары", "Музей және ғылым: Серіктестік. Тәжірибе. Перспективалар", "Өскелең ұрпақтың тарихи санасын қалыптастырудағы музейлердің рөлі" тақырыптары бойынша жұмыстар қарастырылмақ. 

Халықаралық деңгейде өтетін бұл конференция қазіргі кездегі музейлердің дамуымен, олардың ғылыми және білім беру әлеуетімен байланысты өзекті мәселелерді талқылайды. Сонымен қатар, мәдениет, ғылым, өнер және білім беру салалары бойынша кәсіби оңтайлылықты дамыту, заманауи технологиялар саласындағы отандық және шетелдік мамандар арасында тәжірибе алмасуды көздейді. Тарихи-мәдени құндылықтарға жастар аудиториясының назарын аудару үшін музей қызметінің заманауи интерактивті түрлерін дамыту да осы конференцияның басты бағыттарының бірі болып табылады.

Конференция бағдарламасы бойынша қатысшуылардың баяндамаларын тыңдап, шеберлік сыныптарын өткізу көзделген. Ал конференцияның материалдар жинағы музей ісіне қатысты жинақ болып жарияланады. Аталмыш шара алдағы 25-тамызда өтеді.

Конференцияға қатысуға мүдделілік танытқан азаматтар мына мекен-жай бойынша хабарласа алады: 

010000, Астана қ., Бейбітшілік көшесі, 11

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі

Конференцияның үйлестірушілері:

Ғылыми-зерттеу орталығы

Тел.: (7172) 75-13-07, 75-12-15, 75-13-99

Факс: (7172) 75-12-15

E-mail: mpnaukacentre@mail.ru

5295 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper