Анонс


Музей ісі жөніндегі көркемдік кеңес цифрландыру мәселесін талқылады

Бейсенбі, 27 Тамыз 2020 17:15
Музей ісі жөніндегі көркемдік кеңес цифрландыру мәселесін талқылады KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешовтың төрағалығымен 2020 жылғы 19-тамызда «Цифрлық дәуірдегі Қазақстан музейлері: жаңа талаптар мен мүмкіндіктер» тақырыбында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Музей ісі жөніндегі көркемдік кеңесінің кезекті отырысы онлайн форматта өтті.

Көркемдік кеңес отырысында Қазақстан Республикасындағы музейлердің онлайн-режимдегі қызметін жетілдіру, цифрлық дәуірдегі отандық музей саласыныңқызметін дамыту, жалпы музей ісі қызметіне қолдау көрсету және музей саласының онлайн режимдегі қызметін тұрғындарға қолжетімді ету мәселелері талқыланды.

Отырысқа Көркемдік кеңес мүшелері, республикалық және жергілікті атқарушы органдарына қарасты мемлекеттік музей басшылары, Мәдениет және спорт министрлігінің және қоғамдастық өкілдері қатысты.

Айта кетейік, «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру мақсатында Уәкілетті орган жанынан құрылғанконсультативтік-кеңесші органдар – театр, музыка қызметі және концерттік қызмет, цирк өнері, музей ісі және археология, бейнелеу өнері, сәулет және дизайн, әдебиет және кітап басып шығару жөнінде салалық көркемдік кеңестер тұрақты жұмыс жасап келеді.

Салалық көркемдік кеңестердің негізгі функциялары мәдениет пен өнердің жоғары көркем туындыларын – бәсекеге қабілетті отандық өнімді жасау мақсатында мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін үйлестіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау.

169 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper