Анонс


Жайық өңіріндегі білім беру мекемесінде 122-ші музей ашылды

Сейсенбі, 13 Желтоқсан 2016 20:28
Жайық өңіріндегі білім беру мекемесінде 122-ші музей ашылды KAZMUSEUM.KZ -  

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесі қарсаңында Қазталов ауданындағы Жаңажол орта мектебінде «Тәуелсіздік залы» ашылып, музейдің тұсауы кесілді. Бұл облыстағы мектептерде ашылған 122-інші музей, деп хабарлайды «ЖайықПресс».

Тұсаукесер рәсіміне ҚР Энергетика министрлігінің газ өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры Зияш Қияқбаев, аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова қатысты. Зияш Қияқбаев бұл музейден ұлттың айбынын сезініп, Алаштың асқақ рухын баяндайтын байырғы құндылығын тамашалауға болатынын, кейінгі жас ұрпақтың тарих тағылымын танып-білуіне үлкен мүмкіндік туып отырғанын айтып, Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесімен құттықтады.

Шараға қатысушылар музейді аралап, жәдігерлермен танысты. «Тәуелсіздік залының» жабдықталуына Жаңажол ауылының шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлерінің қосқан үлестерін орасан зор екенін айта кеткен жөн.

ҚР Энергетика министрлігінің газ өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры Зияш Қияқбаев, БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ғалым Орынғалиев алғашқы болып музейге өз қолтаңбаларын қалдырды.

Тұрарбек АҚМУРЗИН

Қазталов ауданы

2287 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper