Анонс


Ұлттық музей жарты жылда 65 млн. теңге табыс тапты Таңдаулы

Сәрсенбі, 28 Қазан 2015 12:19
Ұлттық музей жарты жылда 65 млн. теңге табыс тапты KAZMUSEUM.KZ -  

Астанада орналасқан Ұлттық музей қайта ұйымдастырудың арқасында биыл жарты жылда 65 млн. теңге табыс тапты. Бұл туралы бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті, деп жазады inform.kz тілшісі. 

«Музейлердің, музей-қорықтардың жұмысын белсендіру мақсатында 2015 жылы барлық ұйымдар РМК-дан РМҚК ұйымдастыру-құқықтық формасына өтті. Осының арқасында музейлерге табыс табуға мүмкіндік ашылды. Осы шешімнің тиімді үлгісі ҚР Ұлттық музейі болып табылады. Ол ақпан-шілде айлары ішінде 65 млн. теңге табыс тапты», - деді А.Мұхамедиұлы министрліктің алқа мәжілісінде.

Ведомство басшысының айтуынша, министрлік «100 нақты қадам» - Ұлт жоспарын іске асыру аясында ауқымды жобаларды әзірледі. Олардың қатарында мәдениет, спорт, тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс салаларында әзірленген нормативтік құқықтық актілерді жатқызуға болады. 

 

2435 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper