Анонс


Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Ұлы дала елі» экпедициясы жолға шықты

Дүйсенбі, 14 Қыркүйек 2015 12:08
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Ұлы дала елі» экпедициясы жолға шықты KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Ұлы дала елі» экпедициясы жолға шықты, деп жазады «Хабар» арнасының сайты.

Тарихи экспедицияны ұйымдастырып, қаржылық қолдау көрсетіп отырған Қазақстан халқы Ассамблеясы. Оның төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанның айтуынша, экспедицияның алдыңғы легі солтүстік және орталық өңірге жүреді.   Ал екіншісі Батыс пен оңтүстік бағытында ел араласа, үшіншісі шығысқа жол тартады.  Одан соң Алматы мен Қаскелең, Қордай мен Меркені басып өтіп, Тараз қаласында жолдары түйіседі. Сән-салтанатымен тойланып жатқан қалада сол күні  «Тарих толқынындағы Ұлы Дала» атты көрме ұйымдастырылады.  Бір айға жуық тарихи сапар аяқталған соң, қатысушылардың жазбаларынан кұралған үш томдық күнделік басылып шығарылады. «Мақсат – тарихи деректер жинап, ұлттың бірлігі мен елдің біртұтастығын нығайту», – дейді ұйымдастырушылар. 

Ералы Тоғжан, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары:

- Елдіктің, бірліктің мәселесін халыққа жеткізе отырып, ортаға салып, ой бөлісіп, сөзі өтетін ағаларымыз ол жерде болуы да міндетті ол жерде. Барған әрбір жерде сол жергілікті жердің ғалымдары мен қоғам қайраткерлері тікелей қатысып, шараға мұрындық болады деген сенімдеміз. 

2518 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper