Анонс


Ғалымдар Қарқаралыны зерттеу кезінде олжаға тап болды

Сәрсенбі, 29 Шілде 2015 11:46
Ғалымдар Қарқаралыны зерттеу кезінде олжаға тап болды KAZMUSEUM.KZ -  

Қарағандыдағы Ебіней Бөкетов атындағы ҚарМУ жанындағы архео­­­логиялық институт экспедициясы соңғы жылдары жұртшылықты тың жаңалықтармен қуантып келеді. Жақында олар Қарағанды облы­сы­ның, Қарқаралы ауданындағы Бесоба ауылының маңында  қазба жұ­мыс­­тарын жүргізіп, қорымнан алтын сырғалар мен үш айылбасты тапты.

 – Бұл жәдігерлерді биылғы маусымдағы басты олжа деп айтуға болады. Алтын сырғалар мен айылбастар мыңдаған жылдар жер астында жатқанымен жақсы сақталған, – дейді ҚарМУ-дың жанындағы ар­­­хеологиялық институттың аға ғы­лыми қызметкері Игорь Кукушкин. Мамандардың айтуынша, зер­герлік әшекей бұйымдары қола дәуірінде өмір сүрген әйелдерге тие­­сілі болуы әбден мүмкін. Архео­­лог­­тар тапқан алтын бұйымдар облыс­­тық­ өлкетану музейіне тапсыры­лады. Осыдан жарты жыл бұрын тарих ғылымдарының кандидаты Игорь Кукушкиннің экспедициясы Қарқаралы ауданында қосақталып жерленген андрондық ер адам мен әйелдің сүйегін тапқан болатын. Еркектің үстіндегі киімі қарапайым, ал әйелдің бай тұқымнан екендігін оның қымбат әшекей бұйымдарынан байқауға болады. Қазіргі уақытта ғалымдар әйелдің қара түсті шашын зерттеп, Қара теңіз бен Енисейдің арасын алып жатқан байтақ даланы мекен еткен андрондықтар мен қазіргі адамдар арасындағы қандай да бір туыстық белгілерді анықтамақ.

 
2849 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper