Анонс


Ұлттық музей ұжымы салтанатты жиын кезінде қазақтың ерекше 25 тағамын таныстырады

Сәрсенбі, 07 Желтоқсан 2016 01:23
Ұлттық музей ұжымы салтанатты жиын кезінде қазақтың ерекше 25 тағамын таныстырады KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде 2016 жылғы 7 желтоқсанда 16.00-де Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған салтанатты жиын өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Шараға ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары,  еліміздегі шетелдердің елшілері, мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысады.

Кеш барысында Ғазиза Жұбанова атындағы мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті өнер көрсетеді. Сонымен қатар, аталған квартеттің музыкалық альбомы таныстырылады.

Музей жанындағы «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институты Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай 25 ұлттық тағамды келушілердің назарына ұсынады.  Кеш соңында қонақтар ұлттық  тағамдардан дәм татады.

2349 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper