Ресейдің екі музейі «EXPO-2017 Astana» көрмесіне қатысады

Бейсенбі, 18 Тамыз 2016 15:56
Ресейдің екі музейі «EXPO-2017 Astana» көрмесіне қатысады KAZMUSEUM.KZ -  

Әлемге әйгілі ресейлік музейлер - Эрмитаж және Пушкин атындағы бейнелеу өнерінің мемлекеттік музейі «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты «EXPO-2017 Astana» ресми парақшасына сілтеме жасап.

«Қазақстан үшін бұл музейлердің өнер туындыларын «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінде көрсету үлкен мәртебе. Көрмеден бөлек, музей қызметкерлері семинарлар, лекциялар, сондай-ақ ресейлік және қазақстандық мамандардың қатысуымен ғылыми конференция өткізуге әзір. Алдағы уақытта бірлескен жұмыс арқасында скиф-сақ өнерінің көрмесін де ұйымдастыру ойластырылған», - делінген хабарламада. 

733 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper