Анонс


Cақ кезеңінің сирек кездесетін заттары табылды

Сенбі, 18 Маусым 2016 23:38
Cақ кезеңінің сирек кездесетін заттары табылды KAZMUSEUM.KZ -  

Ақмола облысында сақ кезеңінің сирек кездесетін заттары табылды, деп хабарлады 24.kz арнасы.

Кеңөткел ауылы маңында жүргізген қазба жұмыстары кезінде археологтар тағы бір тарихи олжаға тап болды. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің оқытушылары мен студенттері жер астынан жасөспірім қыздың сүйегін аршып шығарды. Оның жанында алтын бұйымдар болған. Біздің дәуірімізге дейінгі VII ғасырдың керамикалық заттары да сол орыннан табылды.

 «Бұл – сирек кездесетін түйреуіш. Түйреуіш алтын жалатылған. Жақсы деңгейде жасалған. Сондықтан бұл жерлеуді біз жас қыз баланың жерлеуі деп есептейміз. Түйреуішке әртүрлі моншақтар тізбектелген. Моншақтардың өзінде алтынмен жалатылған және де бір жақ құлағында үлкен сырғасы бар», - деді Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ аға оқытушысы Серғазы Сәкенов.

2677 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper