Анонс


Д.Северюхин: Ресей музейлері Қазақстан суретшілерінің көрмесін өткізуге әзір

Бейсенбі, 23 Шілде 2015 10:49
Д.Северюхин: Ресей музейлері Қазақстан суретшілерінің көрмесін өткізуге әзір KAZMUSEUM.KZ -  

Ресейліктер  Қазақстандағы өнердің дамуына қызығушылықпен қарайды. Мүмкіндігінше қазақстандық суретшілердің көрмелерін көруге асығады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясы барысында ресейлік мәдениет тарихшысы, өнертану ғылымдарының докторы, ақын Дмитрий Северюхин мәлімдеді.

«Қазақстан қарқынды мәдени дамуды, соның ішінде қазіргі заманғы өнерде де көрсетіп отыр. Біз, ресейлік суретшілер, қазақстандық әріптестерімізбен өте тығыз араласамыз. Мәскеу мен Санкт-Петербургте көптеген шетелдік көрмелер өтеді және біз қазақстандық өнер туындыларының көрмелерін асыға күтеміз», - деді Д.Северюхин.

Оның айтуынша, Ресейдің ең ірі музейлері, соның ішінде Эрмитаж бен Третьяков галереясы Қазақстан суретшілерінің көрмелеріне өз алаңдарын ұсынуға әзір.

«Менің ойымша, бұл өнердің жаңа ағындары мен бағыттарын әрдайым қызығушылықпен қарсы алатын Петербург қоғамының үлкен қызығушылығын туғызады», - деп атап өтті Дмитрий Северюхин.

Естеріңізге сала кетейік, 22 шілдеде Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде ресейлік суретшілердің «Ұлылармен диалогтар» көрмесі ашылды. Онда ХХ ғасыр 70-80-ші жылдардың танылған шеберлерінің, «ParallelWorlds» шығармашылық тобына біріккен петербургтық және мәскеулік көркем мектептері өкілдерінің 90 астам көркем сурет туындылары ұсынылды.

 

 
2630 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper