Анонс


Bertone музейі сирек кездесетін 79 экспонатын сатпақ

Жұма, 17 Шілде 2015 14:11
Bertone музейі сирек кездесетін 79 экспонатын сатпақ KAZMUSEUM.KZ -  

Банкротқа ұшыраған италиялық Bertone компаниясы музейдегі барлық экспозициясын аукционға қойды. 79 ерекше көліктің бастапқы бағасы - 1,06 миллион еуро. Бұл туралы alVolante басылымы хабарлайды.

«Bertone» топтамасына сирек кездесетін Lamborghini Miura, Countach, Fiat X1/9, Alfa Romeo Montreal, Lancia Stratos Zero, Betone Nivola, Chevrolet Ramarro және Jaguar B99 көліктері кіреді.

Бір қызығы, көліктерді жекелей сатып алуға болмайды. Олардың барлығы бірге сатылады. Италия мәдениет министрлігі төрт жыл бұрын топтаманы бірге сақтау жөнінде қаулы шығарды. Сонымен қатар, көліктерді елден шығаруға да тыйым салынған. Олардың көпшілігі қайта қалпына келтіруді қажет етеді.

Сатылым қыркүйек айының ортасына жоспарланған. Топтамамен бірге аукционға Bertone бренді де қойылады. Оның бастапқы құны 3 миллион еуроға бағаланып отыр.

Bertone компаниясы банкротқа ұшырағанын 2014 жылдың көктемінде жариялады. Компания сатып алушылармен бірнеше келіссөздер жүргізді. Алайда, келіссөздер нәтижесіз аяқталды.

2008 жылғы дағдарыс кезінде де Bertone банкротқа ұшырауға жақын қалған еді. Компания құрылымын өзгертіп, көлік құрастыру мен дизайн-студияны бір-бірінен ажыратты. 2008 жылы фирманың өндірістік құрылымын Италия үкіметі мен Fiat концерні сатып алды.

 

Фото: alvolante.it

 
2469 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper