Анонс


Чикаго музейі қайырымдылық шарасына қатысуды сұрайды

Жексенбі, 12 Сәуір 2015 18:25
Чикаго музейі қайырымдылық шарасына қатысуды сұрайды KAZMUSEUM.KZ -  

Чикагоның атақты табиғат музейі тұрғындардан көмек сұрап, өздерінің сайты арқылы ақша аударуды сұрады, деп жазады mychicagonews.com порталы. 

Әлемдегі ең атақты музейлердің біріне айналған Чикаго музейінің қаржы сұрауына музейдегі экспозициялардың тым ескіруі себеп болған. Музей қызметкерлері тұрғындардан 170 000 АҚШ доллары көлемінде қайырымдылық жиналатын болса жаңа диорамалар жасауды жоспарлаған.  Жеке қорында 275 мыңнан астам ғылыми кітаптар жиналған бұл музейге жылына 2 млннан аса турист келеді. Музей қызметкерлері осы статистикаға сүйене отырып, 30 күннің ішінде өздеріне қажетті қаржыны жинай алатындарына сенімді болып отыр. 

2425 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper