Анонс


Астанадағы көрмеден әл-Фарабидің мұраларын көруге болады

Жұма, 06 Сәуір 2018 14:09
Астанадағы көрмеден әл-Фарабидің мұраларын көруге болады KAZMUSEUM.KZ -  

Астанада Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі және Қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығының ұйымдастыруымен «Киелі Отырардың қасиетті мұралары» атты көрме ашылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Көрмеде Отырардан шыққан ғұлама, ойшыл Әбу Нәсір әл-Фараби мұралары, Фарабидің араб тілінде жарық көрген шығармалары, «Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы туралы» трактаты, «Аспан әлемі туралы ілім», «Музыканың ұлы кітабы» атты трактат т.б. және ғұлама жерленген Сириядан әкелінген заттай жәдігерлері, сондай-ақ, Қожа Ахмет Яссауидің ұстазы һәм тәлімгері, ислам дінінің уағыздаушысы Арыстанбаб әулиеге және әулие басына тұрғызылған кесенеге қатысты жазба және заттай деректер көпшілік назарына ұсынылды.

Көрме 2018 жылдың 30-сәуіріне дейін жалғасады.

2172 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper