Анонс


ОҚО тарихи-мәдени этнографиялық орталығы зергерлік өнерге арналған көрмесін ұсынады

Дүйсенбі, 19 Наурыз 2018 03:42
ОҚО тарихи-мәдени этнографиялық орталығы зергерлік өнерге арналған көрмесін ұсынады KAZMUSEUM.KZ -  

Оңтүстік Қазақстан облысының тарихи-мәдени этнографиялық орталығында «Ұлттық әшекей жауһарлары» атты көрме ашылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Көрме «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейімен бірлесе ұйымдастырылды.

Көрменің мақсаты - жас ұрпаққа қазақ халқының зергерлік тарихи құнды жәдігерлерін насихаттау, зергерлік өнердің құдіретін зергерлік бұйымдар арқылы дәлелдеу.

Көрмеге 100-ден аса зергерлік бұйымдар қойылды. Атап айтқанда: ХІХ ғасырға жататын шашбаулар, шолпылар, шекеліктер, алқа сырғаларымен, құдағи жүзіктері, тіс шұқығыштар, бойтұмарлар, белдіктер т.б жәдігерлер.

Қазіргі таңда тарихи-мәдени-этнографиялық орталығының қорында 6 мыңға жуық жәдігерлер сақталған. Оның 150 -ден астамы зергерлік жәдігерлер болып табылады.
Көрме 15 наурыздан бастап 21 наурызға дейін жұмыс істейді.  

2240 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper