Анонс


Орталық музей ақпан-наурыз айларына арналған жоспарын жариялады

Сәрсенбі, 14 Ақпан 2018 01:15
Орталық музей ақпан-наурыз айларына арналған жоспарын жариялады KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі 2018 жылдғы  ақпан және наурыз айында өтетін уақытша көрмелердің анонсын жариялады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі 2018 жылдың 16 ақпан  күні сағат 15.00-де «Болашаққа бағдар» бағдарламасы аясында «Жаңғыру – 2018» атты Алматы қаласы оқу орындары оқытушыларының көркемөнер туындыларының көрмесін ашады;

- «Қазақстан Халықтық жинақ банкі» АҚ «95 қайырымды жұмыс» фестивалі аясында 2018 жылдың 24-25 ақпан аралығында «Ашық есік күндері» акциясын ұйымдастырады (ҚР МОМ I, II, III, IV экспозициялық залдар бойынша кіру тегін) және «Теңге – тиыннан, тұлпар – құлыннан (Тәуелсіздіктің бірегей тұғыры). Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі қорынан» атты көрме ашылады. Көрме 2018 жылдың 19 наурызына дейін жалғасады;     

-  1 наурыз сағат 15.00-де Ә. Қастеев ат. Бейнелеу өнері мен техникалық дизайн мектебімен бірлесіп ұйымдастырған  «Бояулар фестивалі» атты балалар жұмыстарының көрмесі ашылады. Көрме 2018 жылғы 13 наурызға дейін жалғасады;

- 3-4 наурызда «Бәйшешектер гүлдегенде» атты ортаазиялық қолөнер көрме-жәрмеңкесі өтеді;

- 15 наурыз – 10 сәуір аралығында Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Бас Консулдығы жанындағы Мәдени Өкілдігімен бірлесіп Иран шеберлері жасаған қолөнер бұйымдарының көрмесін өткізеді.

 

2195 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper