Анонс


«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «ІЗБАСАРЛАР» атты көрмесін ұсынады

Дүйсенбі, 27 Қараша 2017 13:59
«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «ІЗБАСАРЛАР» атты көрмесін ұсынады KAZMUSEUM.KZ -  

 «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының археологиялық жұмыстарының нәтижесіне арналған «ІЗБАСАРЛАР» атты көрмесінің ашылуысалтанаты өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

«Есік» қорық-музейі 2012 жылы ғылыми қызмет көрсету субъектісі ретінде аккредиттелсе, 2011 жылдан бастап мемлекеттік лицензия негізінде археологиялық жұмыстар жүргізеді.  Көрмеде археологиялық қазба жұмыстары кезінде, соның ішінде 2017 жылы табылған, бабаларымыздың аса құнды ІЗІ ретінде сақталған анағұрлым қызықты жәдігерлер туралы мәлімет беріледі.    Ондай қызықты түпнұсқа және сирек кездесетін жәдігерлер ретінде сақ амфорасы, ауыздық пен жұмбақ бейнелі қоңырауды атап айтар едік.   Сонымен қатар көрменің тағы бір көтерер аса маңызды тақырыбының бірі – экологиялық тақырып. Себебі, қорық-музей тек қана тарихи құндылыққа ие артефактілерді сақтаушы емес,  сонымен қатар аумақтың табиғи  қалпын сақтауға да үлес қосады. 

ІЗбасар дегеніміз өткен ата-бабалары мұра етіп қалдырған адамгершілік қасиеттер мен құндылықтарды сақтай отырып өзіне тән уақыт кеңістігінде бабалар ІЗімен жүретін жан. 

Көрмеде негізгі бес бағыт көрініс табады:

  1. «ІЗбе ІЗ» – шәкірттері ұстазының ІЗімен жүреді. «Есік» қорық-музейі үшін ондай ұстаз  «Алтын адам» – Бекен ата болды. Ол  Төрәлі Төлегенов, Алексей Чекин, Ермек Жасыбаев, Әсел Амарғазиева сынды біздің археологтарымыздың кәсіби тұрғыда қалыптасуында өзінің ІЗін қалдырды. Ол – біздің жүрегімізде мәңгілік орын алды. Біздің қорғандардағы ізіміз, оның да ешқашан өшпейтін, шайылмайтын ізі десек жарасады.
  2. «ІЗдер – олар қандай?» – дегенге жауап: олар сан түрлі! Мұнда бабалар қалдырған «іздің» өзгешелігі жеке-жеке талданады. Олардың қатарында еліміздің түрлі аймақтарынан табылған жерлеу жоралары мен қыш өнеркәсібінің, артефактілерде көрініс тапқан түрлі мәдениет іздерін айтуға болады.
  3. «ІЗбасарлар» – бөлшектерден бүтіндей «ізді» тауып, құрастыра алатын адамдар. Бұл бөлімде археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған бұйымдардың сынықтары мен бөлшктерін консервациялау, сақтау және музейлендіру, қайта қалпына келтіру, сонымен қатар ата мұраларды сақтаудың музейлік әдістерінің бірі – бұйымдардың көшірмесін жасау, дәстүрлі әдістер мен техниканы сақтай отрып жаңа бұйымдар жасау әдістері жөнінде айтылады. 
  4. «Мәдени қабат – мәдени ІЗ» бөлімінде болашақ ұрпаққа бүгінгі буын қандай Із қалдыратыны туралы ой қозғалады.
  5. «Мен – ІЗбасармын» бөлімінде әрбір қонаққа өз ІЗін қалдыруға мүмкіндік беріледі. Ондай із  көрмеден немесе жекелеген жәдігерлерден алған әсері туралы жазба, сурет иәки тілек болуы мүмкін.

Көрме 29 қараша күні сағат 11.00-де ашылады. 

 

Фото: Besmart.kz 

4897 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper