Анонс


Орталық музей алдағы уақытта өтетін көрмелердің анонсын жариялады

Сейсенбі, 17 Қаңтар 2017 00:51
Орталық музей алдағы уақытта өтетін көрмелердің анонсын жариялады KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі 2017 жылдың қаңтар-ақпан айларында өтетін уақытша көрмелердің анонсын жариялады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Алдағы 19 қаңтар күні сағат 16.00-де суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Мұхамбетқали Дүйсембаевтың «Өнер тұнып тұрған құпия»  атты жеке мерейтойлық көрмесінің ашылуы өтеді.

Сондай-ақ, 26 қаңтар күні сағат 15.00-де Алматыда өтетін XXVIII Дүниежүзілік қысқы универсиадаға арналған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінің қор коллекциясынан «Қазақстан спортының тарихы» атты көрмесі ашылады.

Музейдің мекен-жайы: Самал – 1 ы.а., 44 үй, т. 264-55-77, 264-46-50

Жұмыс кестесі: 9.30-дан 18.00-ге дейін, әр сейсенбі күні демалыс

Музейге кіру ақылы: ересектер үшін 300 теңге, студенттер үшін 200 теңге, зейнеткерлер үшін 150 теңге,  оқушылар үшін 100 теңге, шетелдік турист қонақтар үшін 500 теңге.                     

2252 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper