Анонс


Мұхтар Мағауиннің музей қорына өткізген жәдігерлері көрмеге қойылды (ФОТО) Таңдаулы

Бейсенбі, 14 Шілде 2016 02:04
Мұхтар Мағауиннің музей қорына өткізген жәдігерлері көрмеге қойылды (ФОТО) KAZMUSEUM.KZ -  

Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Астана тұрғындары мен қонақтарының назарына «Музей қорындағы қару-жарақ және ат әбзелдер коллекциясы» атты көрмесін ұсынды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты музей әкімшілігіне сілтеме жасап.

Көрмеге ҚР МОМ қорындағы XVIII-XX  ғасырлармен мерзімделетін ат әбзелдері, суық қару, ату және оқ дәрімен атылатын қарулар, сондай-ақ оларды қолдануда қажетті сан алуан жабдық түрлері -  шарайна, қалқан, сауыт және кісе белдіктер қойылған. Сонымен қатар, көрме экспозициясына қазақ тарихында есімі белгілі тұлғалар – Амангелді Иманов, публицист, этнограф, фольклортанушы Мәшһүр-Жүсіп Көпеев, мемлекет Қайраткері Ә.Жангелдин, сондай-ақ 1916 жылғы Торғай, Жетісу өңіріндегі ұлт-азаттық көтеріліс, 1929-1930 жж. Созақ көтерілісіне қатысушылармен байланысты қару-жарақтар, Қазақстанның халық жазушысы М.Мағауиннің музей қорына 2014 жылы өткізген қамшылары да қойылған. 

 

Фотосуреттерді музей әкімшілігі ұсынды. 

6492 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper