Анонс


Ұлттық киімдер көрмесінің ашылу рәсіміне шақырамыз

Сәрсенбі, 27 Сәуір 2016 20:06
Ұлттық киімдер көрмесінің ашылу рәсіміне шақырамыз KAZMUSEUM.KZ -  

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени  қорық-музейі 2016 жылдың 29  сәуір күні  сағат 11.00-де   «Бірлігі жарасқан елміз» тақырыбында  салтанатты шараның және «Татулығы жарасқан» ұлттық киімдер көрмесінің ашылу рәсімін өткізеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.

Биыл ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен ұлы бабамыз Қожа Ахмет Ясауидің 850 жылдық мерейтойы. Аталмыш шара Тәуелсіздіктің бастауы болған Түркістанның тарихи орнын, оның мәдени-рухани келбетін, халықтар арасындағы туыстық пен бауырмашылықты және ауызбіршілікті нығайтуды мақсат тұтады.

 «Әзірет Сұлтан» қорық-музейі сіздерді салтанатты жиынды тамашалауға шақырады!

Мекен-жайымыз: Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы, Тәуке хан даңғылы, 282 А. Тел.: 8/72533/ 3-23-00

5411 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper