Музейде ғылыми сараптамалар жүргізуге арнайы жабдықтар жетіспейді - Г.Шалабаева

Сенбі, 09 Шілде 2016 00:55
Музейде ғылыми сараптамалар жүргізуге арнайы жабдықтар жетіспейді - Г.Шалабаева KAZMUSEUM.KZ -  

Музей саласында ғылыми сараптамалар жүргізуге арнайы жабдықтар жетіспейді. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлнар Ықсановамен кездесуде  Ә. Қастеев атындағы өнер музейінің директоры Гүлмира Шалабаева айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі. 

Кездесудегі кіріспе сөзінде музей директоры Гүлмира Шалабаева музейде ғылыми сараптамалар жүргізуге арнайы жабдықтардың жетіспей жатқандығын алға тартты.   

«Бізде сапалы ғылыми сараптамалар жүргізу үлкен мәселеге айналды. Қазір, коллекционерлер көбейіп жатыр. Ал бұл, қалада өмір сүру деңгейінің және ұлттық өнерге деген қызығушылықтың артып жатқандығын көрсетеді. Бұған қоса, галереялар көптеп ашылып жатыр. Олар топтамалар жасауға ұмтылуда. Сәйкесінше, жалған туындылар пайда болып жатыр. Соның салдарынан ғылыми сараптамаға деген сұраныс артып отыр. Біздің музейде сараптама бойынша ең мықты мамандар жұмыс істейді. Олар өз тәжірибелеріне, біліктілігіне сүйеніп сараптама жасайды. Сол үшін бізге жабдықтар қажет. Біз кезінде жеке қорларға да ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне де жүгінгенбіз. Бірақ, әзірге нәтиже жоқ», - деді Г. Шалабаева.

Өз кезегінде депутат музей қызметкерлеріне техника-экономикалық негіздемемен жұмыс істеу керектігін айтты. 
«Жабдықтар жетіспейді дейсіздер ме? Не себептен жоқ екендігі түсінікті. Бұл жерде техника-экономикалық негіздемемен жұмыс істеу керек. Халықаралық тәжірибелерді ескерген жөн», -деді депутат Г.Ықсанова.

1022 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper