Анонс


Ұлттық музейде «Графика және мүсін» залы ашылды

Жұма, 05 Қараша 2021 15:53
Ұлттық музейде «Графика және мүсін» залы ашылды KAZMUSEUM.KZ -  

ҚР Ұлттық музейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Графика және мүсін» залы ашылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Жаңа зал көрермен назарына жаңашыл сипатта ұсынылып, Қазақстанның бейнелеу өнері кәсіби мектебінің қалыптасу кезінен бастап бүгінгі күнге дейінгі динамикасының жан-жақты көрінісі көрсетілді.

Экспозицияның негізгі аймағында Қазақстанда бейнелеу өнері кәсіби мектебінің құрылуы жайлы баяндалды. Графика бойынша – Е.Сидоркин, А. Дінікеев, Ү.Әжиев, Н.Аштем, С.Айтбаев, М.Ержанов, А.Исмаилов, А.Ақанаев, Қ.Закиров, П.Антоненко, Н.Гаев, В.Толчинский сияқты шеберлердің туындылары ұсынылса, мүсін бойынша – Қ Нұрбатыров, А.Билык, Ю.Буштрук, Е.Мергенов, Е.Сергеев, А. Құмаров, Д.Сәрсекеев, Н.Мухатаева, П.Иванов, И. Бродский, және Э. Казарянның туындылары қойылды.  

Залдың орталық бөлігінде заманауи авангард ағымының бір түрі ретінде қару-жарақтың әртүрлі бөліктерінен құралған тақ пен маска инсталляциясы орналастырылды.   

Айта кетейік, залдың экспозициясын құруда ҚР Ұлттық музейі қорындағы Қазақстанның кәсіби шеберлерінің графикалық және мүсіндік туындылары негіз болды. Бейнелеу өнері туындыларының бірегей жинағы көрермендерге Қазақстанның бейнелеу өнерінің қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерінде белсенді дамып келе жатқан ағымдар мен бағыттар туралы, сондай-ақ қағаз бетінде және мүсін материалдарындағы әртүрлі стильдер мен техникалар туралы баяндайтын көлемді экспозиция құруға мүмкіндік берді.

514 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper