Анонс


Ұлттық музей заманауи технологияларын таныстырады

Дүйсенбі, 13 Шілде 2015 16:52
Ұлттық музей заманауи технологияларын таныстырады KAZMUSEUM.KZ -  

ҚР Ұлттық музейінде алдағы 15 шілде күні сағат 10.00-де музейлік аудиогид пен QR-кодтың және оnline-ticket  жүйесінің таныстырылымы өтеді

Ұлттық музей заманауи жаңа технологиямен жабдықталған еліміздегі бірегей музей. Келушілер музей жәдігерлерімен арнайы экскурсовод мамансыз-ақ, аудиогидтің көмегімен өз бетінше экскурсия жасап, таныса алады. Аудиогид қызметі үш тілде, қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде жүргізіледі.

Сонымен қатар, музей экспозициясындағы жәдігерлер мен макеттер тұсында олардың тарихы жайындағы жан-жақты мәліметтер жазылғанQR-кодтар орналастырылған. Музейге келушілер QR-кодтардағы ақпараттарды арнайы планшеттер арқылы сканерлеп оқи алады. Немесе арнайы бағдарлама негізінде жеке гаджеттері арқылы да танысу мүмкіндігі бар.

Музейге келушілерге барынша ыңғайлы әрі пайдалы болуы үшін жан-жақты жағдай жасалынып отыр. Мәселен, жоғарыдағы заманауи технологиялардан бөлек, елорда тұрғындары мен қонақтары оnline-ticket жүйесі арқылы билетке алдын-ала тапсырыс жасап, ала алады. 

 
3211 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper