Анонс


Отырар қорық-музейіне шетелдіктердің жиі келе бастағаны байқалды

Жұма, 30 Маусым 2017 02:19
Отырар қорық-музейіне шетелдіктердің жиі келе бастағаны байқалды KAZMUSEUM.KZ -  

«ЭКСПО-2017» көрмесі ашылғалы Отырар археологиялық қорық-музейіне шетелдік туристер көптеп келуде, деп хабарлады музей әкімшілігі.

Шетелдік қонақтардың арасында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеясының төрағасы К.Муттонен, Түркия елінің Кечиорен мунициполитетінің губернаторы А.К.Мустафа сияқты лауазымды тұлғалар да болған.

Соңғы күндері Голландия, Венгрия, Франция, Бельгия және Папуа Жаңа Гвинея, Австрия елдерінен де туристер тарихи орындарда болып, келгендеріне өкінбейтіндігін, ерекше әсер алғандықтарын айтып, өз ризашылықтарын білдірген.

Ал, Отырар қорық-музейінің қызметкерлері қонақтарға экскурсияны бірнеше тілде жүргізіп, өздерінің жан-жақты екендіктерін де көрсетіп үлгерген. 

2575 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper