Анонс


Тараздағы 15 тарихи ескерткіш қайта жаңғыртылды Таңдаулы

Бейсенбі, 30 Шілде 2015 11:22
Тараздағы 15 тарихи ескерткіш қайта жаңғыртылды KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту аясында Тараз қаласындағы 15 тарихи мұра қайта жаңғыртылды. Бұл жөнінде ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-нің "Елдің тарихы мен мəдениеті - Болашағы тұтас ұлт" тақырыбында өткен брифинг барысында «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Тәкен Молдақынов айтты.

- «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Тараз жерінде орын тепкен ұлттық тарихнамадағы ерекше орны бар 15 тарихи мұра қайта жаңғыртылды. Кешенді археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді. Қазақ хандығының 550 жылдығына орайластырылып «Ежелгі Тараз» музей кешені салынуда, қала және ежелгі қаланың ортасында орналасқан тарихи жәдігерлеріміздің инфрақұрылымдарын қайтадан жаңғырту, қайтадан салу мен жетілдіру сынды ауқымды шаралар қолға алынып жатыр, - деді Тәкен Молдақынұлы.

Айта кетейік, 2014 жылы ЮНЕСКО-ның шешіміменен жалпы адамзатқа ортақ құндылықтар тізіміне енген қазақстандық тарихи мұраның бесеуі Тараз жерінде орналасқан.

 

 

 

Айнұр РАКИШЕВА, baq.kz

 

 
5264 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper