Анонс


«Ханзада Жумонг» сериалындағы әртістердің костюмдерін Ұлттық музейден тамашалауға болады

Сейсенбі, 11 Қазан 2016 04:23
«Ханзада Жумонг» сериалындағы әртістердің костюмдерін Ұлттық музейден тамашалауға болады KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі Корея Республикасы Елшілігінің Корей мәдени орталығымен бірігіп 2016 жылғы 12 қазанда сағат 16.00-де дәстүрлі корей киімдерінің «Ханбок сиқыры» көрмесін ашады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Экспозицияға тақта отырған Чосон әулетінен бастап, бүгінгі корейдің дәстүрлі  «ханбок» киімінің әр түрін көрсететін 96 экспонат қойылады. Ұсынылатын экспонаттардың арасында көптеген қазақстандық көрермендер ұнатқан «Ханзада Жумонг» корей сериалының бас кейіпкерлерінің түпнұсқа костюмдері де бар.

Ханбок – корей тілінен аударған кезде корей мәдениетінің іске асқан пәлсапалық көзқарастарын, эстетикасын және өзіндік ерекшелігін көрсететін «корей киімі» дегенді білдіреді. Осыдан 100 жылдай уақыт бұрын, Кореяда батыстық үлгідегі киімдер пайда болғанға дейін, ханбок кәрістердің күнделікті киімі саналған. Бүгінгі таңда ханбокты әдетте ұлттық мерекелер (Чусок - егін мерекесі, Жаңа Ай жылы) және отбасылық салтанаттар кезінде киеді. Король әулетінің ханбоктары қолайсыз үлкендігімен ерекшеленді, солай бола тұра олар әсемдігімен, талғамдылығымен және сәнділігімен таң қалдырды. Қымбат әрі күрделі оюлар қолмен кестелеу, балауызбен бояу сынды техника көмегімен жасалды, ал ерекше салтанатты киімдерге күмістен сәндік әшекейлер тігілді. Чосон әулетінің киімдерін дәстүрлі түрде әйелдер тікті және күрделі зер салынған киімді дайындауға бірнеше жыл кететін болған. 

Кәрістер әлеуметтік мәртебесіне сәйкес киінген, сондықтан киім қоғамдағы орнының айырым белгісі қызметін атқарған. Үстем тап өкілдері өз мәртебелеріне көңіл аударту үшін зергерлік әшекейлерді де пайдаланған. Әйелдер үшін табиғат элементтерінің біріне ұқсатып жасалған әрі жібек лентамен безендірілген асыл тастардан  жасалған алқа  дәстүрлі әшекей саналды. Конфуций қоғамы әйелдердің киім мәдениетінен де сезіліп тұратын ибалылықты және тазалықты олардың ең жоғарғы ізгілігі санаған. Сондықтан әйелдер көшеге шыққан кезде жүздері мен денелерін арнайы шәлімен немесе жамылғымен жабатын болған. Киімде және аксессуарларда ұзақ та бақытты өмір, байлық және танымалдылық, қадірлей және сүйе алатын ұрпақ тілейтіндігін білдіретін әртүрлі гүлдердің сәндік нақыштары қолданылды.

«Ханбок сиқыры» көрмесі көрермендерді корей мәдениетінің таңғажайып әлемімен таныстырады және Кореяның сан ғасырлық дәстүрлерінің ерекшелігін сезінуге мүмкіндік береді.

Көрме 26 қазанға дейін созылады.

8137 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper