Анонс


ЮНЕСКО «Жас зерттеушілерге арналған Жібек Жолы грантын» жариялады Таңдаулы

Сәрсенбі, 03 Ақпан 2021 01:17
ЮНЕСКО «Жас зерттеушілерге арналған Жібек Жолы грантын» жариялады KAZMUSEUM.KZ -  

ЮНЕСКО 35 жасқа дейінгі азаматтар үшін 2021 жылы жас зерттеушілерге арналған Жібек жолы грантын алуға өтініш беруге шақырады. Бұл жоба аясында құны 10000 АҚШ долларын құрайтын 12 ғылыми грант беріледі. Грант жас зерттеушілерді Жібек жолының ортақ мұрасын әрі қарай зерттеуге жұмылдыруға бағытталған, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Жас зерттеушілерге арналған Жібек жолы гранты – бұл ЮНЕСКО-ның жаңа бастамасы. Қытай Халық Республикасының ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының қолдауымен, сондай-ақ ЮНЕСКО-ның әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар бағдарламасына кіретін «Жібек Жолы және МОСТ» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады.

Зерттеу барысында келесідей нақты сұрақтар қарастырылуы керек:

· Жібек жолының ортақ мұрасы мен плюралистік ерекшелігі,

· оның ішкі әртүрлілігі,

· оның қазіргі қоғамдағы әлеуеті, шығармашылық өрістері, мәдениетаралық диалог, әлеуметтік келісім, аймақтық және халықаралық ынтымақтастық

· тұрақты бейбітшілік пен даму

Грант алуға кім өтініш бере алады?

Өтініш беру кезінде 35 ке дейін жас мөлшеріндегі (35-ті қоса алғанда) зерттеушілер грантқа өтініш бере алады. Ұсынылған зерттеу жеке зерттеуші ретінде жүзеге асырылуы мүмкін немесе топтық зерттеудің немесе бірлескен жобаның бөлігі болуы мүмкін.

Жібек жолдарының қандай бағыттары бойынша зерттеулер жүргізуге болады?

Зерттеулердің кең спектрі бар өтінімдер, соның ішінде белгілі бір аймақпен немесе хронологиямен шектелмейтін пәнаралық және көп өлшемді ұсыныстар қатыса алады. Ұсынылып отырған зерттеу Жібек жолдарының ортақ мұрасына қатысты бір немесе бірнеше тақырыпты қамтуы мүмкін, және де:

· Ғылым мен технология

· Дәстүрлі ноу-хау және қолөнер

· Дін және руханият

· Тіл және әдебиет

· Өнер және музыка

· Дәстүрлі ойындар мен спорт түрлері

Өтініш беру тәртібі

Үміткерлер ұсынылған үлгіні толтыру арқылы өздерінің зерттеулері, әдістері, күтілетін нәтижелері және қолданыстағы стипендияға қосатын үлесі туралы ғылыми ұсыныстарын жіберуі керек.

Өтініштер ағылшын тілінде  silkroadsgrant@unesco.org мекен-жайына жіберілуі керек.

Өтініш берудің соңғы мерзімі 2021 жылдың 18 сәуірі.

Ұсынылған ғылыми қосымшаларды танымал халықаралық ғалымдардан құралған ғылыми топ бағалайды.

Лауреаттар тізімі 2021 жылдың маусым айының соңында жарияланады.

Қосымша ақпарат үшін Коммерциализациялау офисіне хабарласа аласыз.

Тел: 872533 63636, 1919

E-mail: okt@ayu.edu.kz

213 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper