Анонс


Музей мамандарының республикалық семинар-кеңесі өтеді

Сәрсенбі, 13 Қараша 2019 18:46
Музей мамандарының республикалық семинар-кеңесі өтеді KAZMUSEUM.KZ -  

Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің 90 жылдық мерейтойына орай2019 жылғы 14-15 қараша күндері Ақтөбе қаласында «Музей – ғасырлар шежіресі» тақырыбында ҚР Ұлттық музейімен бірлесе республикалық семинар – кеңес өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Семинар-кеңес барысында «Музей ісін автоматтандыру мен сандық технологияларды енгізу» тақырыбында дөңгелек үстел және ҚР Ұлттық музейі реставраторларының семинар-тренингі ұйымдастырылады.

Семинар – кеңестің мақсаты:

Музей мамандарының ынтымақтастығын нығайту, музей ісін дамытуда инновациялық әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану және озық тәжірибелермен бөлісу;

Семинар – кеңеске ұсынылатын бағыттар:

1. «Музей ісін автоматтандыру мен сандық технологияларды енгізу»;

2. «Музей экспозициясына жаңа технологияларды пайдалану»;

3. «Музей маркетингі және музей педагогикасы»;

4. «Музей ісі және өлкетану».

Байланыс телефондары:

Тел/факс 8 (7132) 742141

2116 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper